Бастауыш оқытуда саралаудың түрлі тәсілдерін қолданудың тиімділігі

       «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушылары -И.Т.Камбаралиева мен А.Б.Қарсыбаеваның ұйымдастыруымен 2020ж. 12 маусым күні онлайн форматта «Бастауыш оқытуда оқушылардың танымдық және шығармашылық қажеттіліктеріне қарай саралаудың түрлі тәсілдерін қолданудың тиімділігі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері арасында облыстық семинар өтті.
       Облыстық семинар мақсаты: бастауыш оқытуда оқушылардың танымдық және шығармашылық қажеттіліктеріне қарай саралаудың түрлі тәсілдерін қолданудың тиімділігін айқындау, бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысын іс тәжірибеде бөлісу.
       Семинарға Талдықорған қаласынан, Ақсу, Қаратал, Ескелді, Жамбыл, Қарасай, Іле аудандарынан мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, білімдерін шыңдады.
       Семинарда саралаудың тәсілдеріне арналған әдістер, ресурстар, саралау тәсілдерін сабақ мақсатына қарай қалай дұрыс таңдау туралы ақпараттар нақты әрі толық берілді.
       Семинарда, Жамбыл ауданының бастауыш сынып мұғалімдері : Аргимбаева Сауле Курмашовна, Мүсрепбекова Сандугаш Алимгожаевна, Сатова Ардақ Джарылкасымовна, Ақсу ауданы бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Гулнар Сатыбалдиновна, Ескелді ауданының мұғалімі Усентаева Клара Ибраимовна қатысып, атсалысты.
       Қорыта келгенде, семинар өз мақсатына жетті, аудан мұғалімдері құрмет грамоталары, сертификаттармен марапатталды.
2.jpg6.png5.png3.jpg4.png1.jpg