Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының негізгі идеяларын пән мазмұнымен интеграциялап оқытудың өзектілігі

       Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі - «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының негізгі идеяларын пән мазмұнымен интеграциялап оқыту. Осыған орай 10.06.2020ж. «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Білім беру процесін психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы Абдикаликова Берикгуль Тулепбергеновна «Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында «Өзін өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының негізгі идеяларын пән мазмұнымен интеграциялап оқытудың өзектілігі» тақырыбында online режимінде республикалық ғылыми-әдістемелік семинарды өткізді.
       Өзекті мәселе білім беру саласында қызмет атқарып жүрген көпшілік қауымның қызығушылығын туғызды. Семинарға жоғары оқу орындары, орта мектеп, мектепке дейінгі білім беру мекемесі қызметкерлері үн қосты. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Тұран» университеті, Орталық Азия университеті, Республикалық «Нұрсұлтан» білім беру орталығы, «Тұран Астана» университеті, «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ қызметкерлері т.б. білім ошақтарының қызметкерлері «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының негізгі идеяларының қазақ тілі, математика, мәдениеттану, психология, шешендік өнер т.б. пәндерімен қалай ықпалдастырылатыны туралы өз ойларын ортаға салды.
       Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры Байташева Гаухардың «Қосымша білім беру жағдайындағы пән мазмұны мен тұлғаның өзін-өзі тану интеграциясы», Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының аға оқытушысы Турдиев Сакеннің «Психология человека под натиском кино, влияние кино на нравственно-духовное воспитание», «Өрлеу» «БАҰО АҚФ Алматы қаласы бойынша ПҚБА институтының аға оқытушысы Абдибаева Сауленің «Повышение познавательной мотивации – залог успешности обучения», «Тұран Астана» университетінің әлеуметтік-гуманитарлық және тілдік пәндер кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Зайсанбаева Гульнар Нигметовнаның «Гуманитарлық пәндер арқылы жастардың «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімін арттыру жолдары», Республикалық «Нұрсұлтан» білім беру орталығының әдіскері Кульниязова Айжан Сисеновнаның «Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен интеграциялау жолдарының маңызы», «Өрлеу» «БАҰО АҚФ Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы Абдикаликова Берикгуль Тулепбергеновнаның «Оқушыларды тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын басқа пәндермен интеграциялаудың өзектілігі», Панфилов ауданы, «Сатай батыр атындағы орта мектеп КММ» педагог психологы Абайқанов Асылмұрат Құрманғазыұлының «Адамгершілік тәрбиесінің психологиясы» тақырыптарының аясында көтерген мәселелері көпшіліктің көңілінен шығып, қызығушылық тудырды.
       Семинар барысында «Өзін-өзі тану» пәнін ықпалдастырудың маңыздылығы, ойын арқылы балалардың ой-өрісін дамыту, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін ескере отырып, рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселелері әркез өзекті болары даусыз.
       Семинар материалдарының жинағы жарық көреді. Семинарда қарастырылған мәселелердің жан-жақты талданған, толық нұсқасымен жинақ мазмұнынан танысуға болады.
1.jpg5.png2.jpg3.jpg4.png6.png