Оқушылардың ғылыми ізденіс жұмыстарын жоспарлау мен мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту

       2020 жылдың 17 маусымы күні «Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру – мектеп оқушыларының ғылыми ізденістерін ұлттық құндылықтар аясында әлеуметтендірудің негізі» тақырыбындағы эксперимент бойынша «Ғылыми ізденістер бойынша мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы және оқушылардың ғылыми жоба жұмыстарын жоспарлау мен мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту» тақырыбында онлайн режимінде вебинар болып өтті.
       Вебинар жұмысына Жамбыл ауданы Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының 25 мұғалімі қатысты. Вебинар жұмысын ұйымдастырып әдістемелік көмек берген Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы, жобаның үйлестірушісі Л.Ж.Орманбекова.

       

       Пән мұғалімдерін оқушыларды құзыреттілік тұрғысынан оқытудың саналуан жолдарын үйретіп, жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі мақсаты оқушының зерттеушілік қабілеттерін дамыту жолдарын, педагогтің зерттеушілік мәдениетін қалыптастырып, жаңа заман педагогінің бейнесін айшықтайтын әдістерді қалай қолдануды мақсат еткен бұл вебинардың пән мұғалімдеріне берері көп болды.

 

 

Орманбекова Л.Ж., білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы, жобаның үйлестірушісі

5.png2.jpg6.png1.jpg3.jpg4.png