География пәнінің оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша сабақтарды жоспарлау

       2020 жылдың 17 мамыр күні «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, география пәнінің тренері Л.Д.Адыбаеваның ұйымдастыруымен ZOOM қашықтан оқыту онлайн режимінде курстан кейінгі қолдау шеңберінде «География пәнінің оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша сабақтарды жоспарлау» тақырыбында видеосеминар өткізді.
       Видеосеминардың мақсаты – пән бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрылымдауды қарастыру және талқылау.
 
       Видеосеминардың міндеттері:
-                     қысқа мерзімді сабақ жоспарының үлгісін талқылау;
-                     сабақ жоспарын құрылымдауда басшылыққа алатын мәселелерді анықтап, саралау;
-                     педагогтердің озық идеяларымен бөлісуі;
-                     география пәні мұғалімдерінің жасайтын жұмысының жүйесін бағыттап, айқындау.
 
       Семинарда Адыбаева Ләззат Дүнгенбайқызы «Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрылымдау» және «Саралап оқыту тәсілдерін қолдану» тақырыптарында әдістемелік көмек берді. Ұйғыр ауданы, Бірлік ауылы, Сүмбе орта мектебінің мұғалімі Барат Роза, Жамбыл ауданы, Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектебінің мұғалімі Тампишева Асел, Іле ауданы № 44 орта мектептің мұғалімі Нұрымова Мақпал өздерінің іс- тәжірибелерімен бөлісті.
       Әдістемелік семинар барысында ұстаздар сабақты жоспарлау барысында мұғалімнің ескеруі тиіс және қиындық тудырып жатқан мәселеге жауап алды.
4.png6.png1.jpg5.png2.jpg3.jpg