Ағылшын тілі пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту

       Алматы облысының қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының 5-11 сыныптарының ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «Ағылшын тілі пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы 01-12 маусым аралығында қашықтықтан оқыту арқылы он-лайн режимінде өтілді.
       Ағылшын тілі ұстаздарына арналған білім жетілдіру курсының тренері Мухатова Орынкуль Зальевнаға алғысым шексіз. Екі апта курс көзімізді ашып жұмғанша тездетіп өтіп кетті. Себебі әрбір өткізген дәрісте ақпаратты тыңдаушыларға, яғни бізге ұсынылған форматы ерекше болды. Зер салып тыңдап, жаңа тың дүниелерге қол жеткізу біз үшін ерекше әсер етті десек артық айтпаспын. Қашанда жаңашылдыққа жаны құмар тренеріміздің бізбен бөліскен біліміне ерекше ризамыз. Себебі, осы курста алған біліміміздің жаңа форматы біздің оқушыларымызға өткізер сабақтарымыздың сапасын жоғарлатып қана қоймай, қызығушылықтарын арттыруға үлкен үлесін қоспақ.
       Мухатова Орынкуль Зальевна, өзіңізге алғыс айта отырып толастамайтын күш-қуат пен жаңа шығармашылық табыс тілеймін!
6.png5.png3.jpg1.jpg2.jpg4.png