Ғылыми-техникалық бағыт

       Қазіргі заманауи өмірді ақпараттық технологияларсыз елестету өте қиын. Қоғамның ақпараттандыруға қарқынды өтуі ақпараттық технологиялардың адам қызметінің түрлі салаларына барынша терең енуін негіздейді. Робототехника – математика, физика, информатика, технология, инженерия және т. б. негіздерін өзара ықпалдастыруды көздейтін пәнаралық элективті курс. Бұл курс – оқушылардың ғылыми-техникалық бағыттағы жеке білім беру қызығушылықтарын қанағаттандыратын, олардың шығармашылық әлеуетін барынша толық көрсететін ең маңызды тетіктердің бірі және жеке білім алу маршруты мен жасөспірімнің кәсіби өзін-өзі анықтауының құралы болып табылады.
        «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ жоспарына сәйкес «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Самал Бағдатқызының ұйымдастыруымен «Роботехника негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының информатика, математика және физика мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді курс қашықтықтан оқыту форматында өтуде.
       Курс негізінде LEGO MINDSTORMS EV3 программасында роботты бағдарламалау тілі бойынша жүргізіліп, түрлі бұйрықтарды роботқа орындату жолдарын меңгеруге бағытталған. Сонымен қатар, қазіргі таңда жасанды интелектіні жобалауға арналған бірден-бір бағдарлама – Arduino модулі. Бұл жобаның негізі – мамандандырылған тілде контроллер үшін код жазуға болатын базалық аппараттық модуль және бағдарламаны құрайды, әрі ол бұл модульді қосуға және бағдарламалауға мүмкіндік береді. Курс барысында көптеген мәліметтер айтылып, тәжірибелік жұмыстар көрсетілді.
1.jpg5.png4.png2.jpg3.jpg6.png