Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу ерекшеліктері

       2020ж. 25 мамырда «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Картбаева Дарига Андреевна «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу ерекшеліктері» тақырыбында мұғалімдерге әдістемелік көмек беру мақсатында онлайн вебинар ұйымдастырды.
       Вебинар барысында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған оқу материалдарын әзірлеудің педагогикалық тәсілдерін оқу процесінде қолдану жолдары талқыланды.
       Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білімін жетілдірген Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Рахматуллаева Нұршат пен Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Төлебек Асел Бақытжанқызы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды өз тәжірибелерінде тиімді қолдану әдістерімен бөлісті.
3.jpg5.png2.jpg6.png4.png1.jpg