Әдебиеттік оқу пәнінде ақпараттық технологияны қолдану жолдары

       24.06.2020ж. «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ Мектепке дейінгі тәрбие және жеке тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы М.Н.Мухамадиева «Әдебиеттік оқу пәнінде ақпараттық технологияны қолдану жолдары» тақырыбында ZOOM бағдарламасында онлайн-кеңес өткізді.
       Бастауыш сынып ұстаздарын қолдау мақсатында ұйымдастырылған онлайн-кеңеске Алакөл, Ақсу, Ескелді, Кербұлақ, Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Іле аудандары мұғалімдері қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
       Онлайн-кеңес барысында ХХІ ғасырдағы ақпараттық технологияның ерекшелігі, ақпараттық технологияны, белсенді әдістерді қашықтықтан оқытуда тиімді ұйымдастыру жолдары туралы айтылды.
       Қай заманда болмасын мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушыға терең де тиянақты білім беру. Осы орайда, Көпжасарова А., Байбабанова С., Аутова М., Ауданбекова Н., Нурхаликова А., Хамраева З., Ашимханова А., Иманбаева Ә., Кенебаева Д., Турбекова С. өз тәжірибелерімен бөлісіп, ақпараттық технология әдістерінің тиімді жақтарын айтып өтті.
       Онлайн кеңеске қатысушылар іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
3.jpg1.jpg5.png4.png6.png2.jpg