Ғылыми кеңес онлайн режимінде өтті

       Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді.
       Осы орайда 2020 жылдың 29 маусымы күні «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ жылдық жоспарына сәйкес ғылыми кеңестің 2-отырысы ZOOM қосымшасымен онлайн режимінде болып өтті. Отырысқа кеңес мүшелері толық қатысты.
       Ғылыми кеңестің күн тәртібі бойынша төмендегідей мәселелер қаралып, баяндамалар тыңдалды.
       Бірінші мәселе бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.к., доцент Р.У. Арзиев 2020 жылдың І жартыжылдығында кафедрада атқарылған жұмыстардың басты мәселелеріне тоқталып өтті. Институт жоспарына сай 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстар жайлы тоқталып, онлайн режимінде қысқа мерзімді курстар өткізілгенін, оған кафедра оқытушылары мен зертхана қызметкерлері белсене қатысқанын айтты.
       Екінші мәселе бойынша «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. М.У. Валиева «ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы, ҚР Мұғалім мәртебесі туралы заңы және ҚР Білім беруді дамытудың 2020-2025 жж. мемлекеттік бағдарламаларының қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары бағдарламаларында қамтылуы жөнінде» атты баяндамасында нормативті-құқықтық модуль курс барысында педагог мәртебесі туралы мағлұмат ала отырып, «баршаға арналған білім, өмір бойы» принципі негізінде білім беруді стратегиялық дамытудың негізгі бағыттары жайлы түсініктерді меңгеретін және жүзеге асыру жолдары жайлы мағлұмат алатынын, кәсіби құзыреттіліктерін көтеруге мүмкіндіктері туындайтынын айтып өтті.
       Үшінші мәселе бойынша «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» кафедрасының курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі А.Жұмаханов "Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау" кафедрасының курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасының 2020ж. І жартыжылдығындағы жүргізген жұмыстарының есебі» баяндамасында соңғы жарты жыл ішінде «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ жұмысын көрсетіп, насихаттау мақсатында Институт сайтында – 52 мақала (екі тілде: қазақша - 52, орысша - 52), «Өрлеу» «БАҰО Орталық Аппараты сайтында – 34 мақала (үш тілде: қазақша – 34, орысша – 34, ағылшынша – 34) жарық көргенін, ал Институттың Facebook парақшасында 600-ден аса публикациялар мен репосттар жарияланып, парақшаға жазылған адамдардың саны 816-ға жеткендігін, ал Instagram парақшамызда 300-ден аса публикация жарияланып, парақшаға жазылған адамдардың саны 3306-ға жеткендігімен таныстырып, айтып өтті.
       Төртінші мәселе бойынша сараптамалық кеңеске келіп түскен бағдарламалар мен дәріс тезистері туралы институт директорының инновациялық білім жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Т.К.Ауелгазина айтып өтті.
       Ғылыми кеңестің шешімі шығарылып, аталған шешімнің орындалуын қадағалау, бақылау-басшылық жасау институт директорының инновациялық білім жөніндегі орынбасары Т.К.Ауелгазинаға жүктелді.
       Кеңес соңында қатысушылардан тиімді кері байланыс алынып, қорытындыланды.
4.png2.jpg6.png5.png1.jpg3.jpg