Бастауыш сынып оқушыларының оқуын саралалау тәсілдері

       09.07.2020 жылы «Өрлеу» «БАҰО АҚ Филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Н.И. Джаңбырбаева «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында бастауыш сынып оқушыларының оқуын саралалау тәсілдері» тақырыбында ZOOM бағдарламасында онлайн-семинар өткізді.
       Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында өткізілген онлайн-семинарға Талғар, Еңбекшіқазақ, Панфилов, Ұйғыр аудандарынан 20-дан аса мұғалімдер қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
       Онлайн-семинар барысында мұғалімдер білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде саралау тәсілдерін меңгеріп, саралау тәсілдері жайында қосымша мағлұмат алды. Қысқа мерзімді жоспарлау барысында саралау жұмысының жалпы қабылданған тәсілдерін қолдану аясы туралы білімдерін толықтырып, жинақтап, пікір алмасты.
6.png5.png4.png2.jpg1.jpg3.jpg