Тамыз кеңесі: жаңа мақсат, жаңа міндет

       Ағымдағы жылдың 12 тамызында «Қашықтық форматында педагогтердің біліктілігін арттыру: жағдайы, проблемалары, келешегі» атты тақырыпта дәстүрге айналған республикалық Тамыз конференциясы болып өтті. Республикалық тамыз конференциясы – Қазақстанның үздік мұғалімдерінің, талантты әдіскерлері мен педагог-ғалымдарының салтанатты бас қосуы.
       Аталған жиынның пленарлық бөлімі ҚР БҒ вице-министрі, «Өрлеу» «БАҰО АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Ш.Т. Каринованың құттықтау сөзімен ашылды.
       «Өрлеу» «БАҰО АҚ Басқармасының Төрағасы, пед.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Г.К. Ахметова «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі» тақырыбында  баяндама жасады. Сонымен қатар, пленарлық бөлімде № 153  мектептің директоры, Алматы қаласы,  депутат, «Өрлеу» «БАҰО АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі  Ш.Н.Омаров, ШҚО білім басқармасының басшысы С.Ж.Жұмаділова, «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы БҚО бойынша ПҚБАИ директорының орынбасарыЕ.Н. Сафуллин тағы  басқа педагогтер баяндамалар оқып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
       Маңызды іс-шара пікір сайыс алаңындағы секция жұмыстарымен жалғасты. «Қашықтықтан білім беру менеджменті»атты тақырыптағы №1 кіші секция вебинар түрінде өтіп, «Өрлеу» «БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ директоры, пед.ғ.д., профессор Ж.А. Макатова модератор болды.
        «Қашықтықтан оқыту форматы жағдайында мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ерекшеліктері» атты №2 (Workshop) кіші секциясын Павлодар облысы бойынша ПҚ БАИ директорының орынбасары Н.Н. Шпигарь модератор болып жүргізді.
        «Қашықтық режиміндегі инклюзивтік оқыту: проблемалар, шешу жолдары» тақырыбында Форсайт сессия форматында өткен №3 кіші секцияда «Өрлеу» «БАҰО АҚФ ҚР ББЖ ҚБАРИ Педагогика және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы А.И. Кусаинова модераторлық етті.
       №4 кіші секция (Тренд сессиясы) «Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, ерекше білім беру қажет білім алушыларға жеке қолданылатын ұстанымның ерекшеліктері» тақырыбында өтіп, «Өрлеу» «БАҰО АҚФ БҚО бойынша ПҚ БАИ директорының орынбасары Е.Н. Сафуллин модератор болып жүргізді.
       Пікірталас алаңдарының жұмысында секциялардың мақсатты топтарының қатысушылары келесі мәселелерді қарастырып, талқылады: білім беруді цифрландыру жағдайында оқу процесін басқару, инновациялық жоба ретінде қашықтықтан оқыту: ұйымдастыру және басқару, цифрлық білім беру ресурстары, мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту жағдайында педагогтің кәсіби дамуы, қашықтықтан оқыту жағдайында мектепке дейінгі білім берудегі оқыту мен тәрбиенің ерекшеліктері, педагогтың цифрлық құзыреттілігі, қашықтықтан оқыту ортасында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау.
3.jpg1.jpg6.png5.png2.jpg4.png