Онлайн курс өз нәтижесін беруде

       Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен технологияларды меңгеру, оларды тиімді қолданудың маңызы зор. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне де байланысты. Соған орай ағымдағы жылдың 10.08 – 21.08 аралығында «Өрлеу» «БАҰО АҚ Алматы облысы бойынша ПҚБАИ инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Н.Б.Жакыпованың жетекшілігімен аймақтағы білім беру ұйымдарының физика пәні мұғалімдеріне жаңартылған білім мазмұнының мәнін ашып, мағынасын түсіндіріп, тиімді әдіс-тәсілдерге машықтандыратын және білімді критериалды тұрғыдан бағалау жүйесі мен орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарларын түзуді үйрететін екі апталық қашықтан оқыту курсы өтуде.
       Курс барысында тыңдаушылар тек бағдарламамен шектелмей, сөйлеу әрекетіне берілген тапсырмаларды оқу мақсаттарына орай түрлендіре қолдану ерекшелігіне үйренуде. Сонымен қатар, саралай оқытудың әдіс-тәсілдеріне және басқа да әлемде кеңінен қолданылатын Денотатты граф, «Борт журналы», «Сіз қаншалықты сенесіз?», Jigsaw, РАФТ, IDEAL тәсілдері мен ББК кестесін жүргізуге дағдылануда.
 
       Сонымен қатар, «Білім беру процесін педагогикалық-психологиялық қолдау» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Мухтаров Аманғали Хамидоллаұлының ұйымдастыруымен ZOOM бағдарламасында «Қазақ тілді мектептердегі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру» тақырыбында курсы да өтіп жатыр. Бүгін, яғни курстың 8-күні «Түсіну дағдылары мен әдіс-тәсілдері. Оқылым дағдылары» тақырыбында дәріс тыңдап, оқылым дағдысын дамытуға арналған идеялармен таныстық. Оқылым мақсаттарымен жұмыс жасауда неге назар аудару керегін, өлең оқуға арналған тапсырмалардың ерекшелігін түсіндік. Сонымен қатар, курс барысында Мағжан Жұмабаевтың «Мал өрісі» мәтінін оқып, қорытынды жасау және дедукция, жазушының көзқарасы мен мақсатын анықтайтын сұрақтар құрастыру арқылы мәтінді жан-жақты талдау жолдарын меңгердік.
1.jpg2.jpg6.png4.png5.png3.jpg