Бейімделу – әрі қарай дамудың кілті

       Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. Сондықтан өз шәкірттеріне сапалы нәтижелі білім беруді мақсат еткен әр ұстаз өз тәжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап, инновациялық әдістерді тиімді қолдануы шарт.

       Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты ағымдағы жылдың 10.08 – 21.08 аралығында «Өрлеу» «БАҰО АҚ Алматы облысы бойынша ПҚБАИ инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының доценті Мустафаев Абдикади Прмағамбетұлы Zoom интернет желісі арқылы облысымыздың математика пәні мұғалімдеріне курс өткізуде. «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында математика пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру» тақырыбындағы курста тренер жаңартылған білім беру бағдарламасының ғылыми ұғымын, сабақтың мақсатын, тиімді әдіс-тәсілдерін, құндылығын, бағалау критерийлерінің бір-бірімен үйлесімділігін шеберлікпен түсіндіруде. Курс барысында математика пәнін оқытуда жаңа тәсілдерді тиімді қолданудың әдістерін заманауи талаптарға сай қолданудың және оқушыларды оқытудың қыр-сырын үйретуде. Сонымен қатар, Абдикади Прамағамбетұлы жаңартылған білім беру бағдарламасына орай ОМЖ, ҚМЖ жазуда қиындық тудыратын мәселелердің шешімін тауып, дағдыланудыруда.

1.jpg5.png6.png4.png2.jpg3.jpg