Тамыз конференциясы – 2020

       Жаңа оқу жылының қарсаңында, Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2020-2021 оқу жылына қойылатын перспективалық міндеттерді, қашықтан оқыту барысында білім беру үрдісін сапалы жүргізудің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ағымдағы жылдың 17-21 тамыз аралығында ZOOM платформасы арқылы Тамыз конференциясын өткізді. Аталған конференцияның тақырыптық алаңдарының жұмысына «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының оқытушылары белсене қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
       Кеңесте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының өзге қызметкерлерінің өмірін және денсаулығын сақтау, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында жаңа оқу жылын қашықтықтан оқыту форматында өтетіндігі талқыланды. Оқыту сапасы, ең алдымен, қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтің кәсіби құзыреттіліктеріне байланысты екендігін ескере отырып, Кеңесті ұйымдастырудағы мақсат - ұстаздарға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету, қашықтықтан оқытылатын сабақтарды ұйымдастыру бойынша өзара тәжірибе алмасып, ой бөлісу.
       Алматы облысы білім беру қызметкерлері форумы «Қашықтықтан оқытуда менеджменттің өзекті мәселелері», «Филологиялық метапәндік тақырыптық алаңдар», «Жаратылыстану математикалық метапәндік тақырыптық алаңдар», «Қоғамдық пәндерінің оқытылу ерекшеліктері», «Мұғалімнің заманауи мектептегі кәсіби дағдылары», «Қашықтықтан оқыту жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісінің ерекшеліктері», «Қашықтықтан оқыту жағдайында бастауыш білім беру сатысында жаңа мүкіндіктер», «Арнайы және инклюзивті білім берудің ерекшеліктері», «Еркеше қажеттілікті талап ететін балаларды оқытудың әлеуметтік педагогикалық оңалту механизмі», «Қашықтықтан оқыту жағдайында қосымша білім берудің өзекті мәселелері баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім беру» деген тақырыптық алаңдарға бөлінді.
       Тамыз Кеңесіне «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының оқытушылары - Валиева Майра Уалиевна «Қашықтықтан оқыту жағдайында менеджмент ұстанымдарын оқу-тәрбие үдерісіне енгізу», Болсынбаева Аманғайша Жолдыханқызы «Онлайн білім беруде интернет ресурстарын тиімді пайдалану», Арзиев Руслан Уйгурович «Қашықтықтан оқыту жағдайында ұйғыр тілі және әдебиеті пәндері бойынша сабақ жоспарын жазудың тиімді жолдары», Жакыпова Назира Балапановна «Қашықтықтан оқыту жағдайында физика пәнін оқытуды ұйымдастыру»,Кошербаев Ринад Нуралиевич «Методология компетентностного подхода в преподавании русской литературы», Абдикаликова Берикгуль Тулепбергеновна, Қайролдаева Анар Нургалиевна «Мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа ҚР МЖМББС концептуалды негіздері мен оның білім беру үрдісінде жүзеге асуы», Нұрпейсова Күнтай Құдайбергенқызы «Қашықтықтан оқыту жағдайында мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану», Даулетова Гүлназ Естемесқызы «Создание условий в обеспечении психолого-педагогической поддержки родителям начальных классов, реализующих сопровождение процесса обучения на дистанционной основе», Отарбаев Бақытжан Әубәкірұлы «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін қашықтықтан оқыту форматында ұйымдастыру ерекшеліктері», Стамбеков Ерік Берікбекұлы «Қашықтықтан оқыту жағдайында дене шынықтыру пәнін оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктері», Бейсенбаева Меруерт Кенжеғұлқызы «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқу мақсаттарына негізделген тапсырмалардың берілу ерекшеліктері» тақырыптарында баяндама жасап, құнды ой-пікірлерімен бөлісті.
       Дәстүрлі тамыз конференциясына аудандық, қалалық білім бөлімі басшылары, аудандық, қалалық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының, мемлекеттік және жекеменшік мектептердің, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
       Облыстық тамыз конференциясы – Алматы облысының үздік мұғалімдерінің, талантты әдіскерлері мен педагог-ғалымдарының салтанатты бас қосуы. Маңызды іс-шарада өткен оқу жылының соңында жүргізілген үлкен жұмыстың нәтижелері бағаланып, анықталған проблемалар талқыланып, даму перспективаларын нақтыланды.
       Ендігі кезекте, қашықтан оқыту барысында білім беру үрдісін сапалы жүргізуді одан әрі жалғастыру - мәртебесі биік, маңызы зор мәселе.
       Осы орайда, еліміздің барлық ұстаздары - рухы биік, қадір мен құрметке лайық шығармашылық тұлға. Отбасыларыңызға ынтымақ пен бірлік, қызмет бабында толағай табыстар тілейміз! Игілікті істе қанаттарыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз қашанда арта берсін!
4.png6.png1.jpg5.png3.jpg2.jpg