Жалпы пәндердің құндылық әлеуетін өзектілендіру

       21.08.2020 күні Алматы облысы педагогтерініңТамыз кеңесіндеАлматы облысының өзін-өзі тану пәні мұғалімдерімен «Жалпы пәндердің құндылық әлеуетін өзектілендіру» тақырыбындаалаң жұмысы өткізілді. Жұмыс барысында облыс ұстаздары өз ойларымен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты.
       «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, өзін-өзі тану пәнінің тренері Берікгүл Тулепбергеновна Абдикаликова пәнге байланысты жаңа әдістемелермен таныстырып, курстарға байланысты ақпаратпен бөлісті. Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік оқыту және тәрбиелеудің ғылыми-білім беру порталының жаңалықтарымен таныстырып, барлық ақпаратты сол порталдан алу керек екенін түсіндірді.
        «Өзін-өзі» тану пәні бүгінде қоғам қажеттілігінен туындайтын ізгілік пен игіліктің жарқын көрінісі болып отыр. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытуда, яғни, «әр сөзді жүректен өткізіп, кішкентай жүрекке жол тауып, жеткізуде» педагог мамандарға жүктелер жауапкершіліктің зор екендігін айтып кетті.
       Дәстүрлі тамыз конференциясында Ескелді ауданы М.Мәметова атындағы орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Досжанова Назым Турарбековна «Мектептегі пәндерді оқытуда рухани-адамгершілік құндылықтардың мәнін ашу» тақырыбындағы адам өміріндегі құндылықтардың маңызы туралы атап көрсетті. Ең бастысы мектептегі пәндерді оқытуда рухани-адамгершілік құндылықтарды негізге ала отырып, пәндердің ішкі әлеуетін ашудың мәніне тоқталды.
        «Өзін-өзі тану сабақтарын қашықтықта өткізудің тиімді жолдары» тақырыбындағы баяндамасында Қарасай ауданы, ДБАҮТО Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназияның өзін-өзі тану пәні мұғалімі Мукажанова Айгуль Исалиевна қазірге кезеңдегі онлайн режимінде сабақтарды тиімді өткізудің жолдарымен таныстырды. Қашықтан оқыту жағдайында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушыларға сапалы білім алуға мүмкіндік беру мен жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін қасиеттерді қалыптастырудың орнын атап өтті.
        «Роль семьи в нравственно-духовном воспитании ребенка» атты баяндамасында баяндамасында Жамбыл ауданы, Қарғалы №2 ДБААҮТОГ өзін-өзі тану пәні мұғалімі Копбаева Айнур Еркиновна бала тәрбиесіндегі рухани-адамгершілік тәрбиеге аса назар аудару керек екеніне тоқталып кетті.
        «Возможности проектной деятельности в развитии нравственных качеств учащихся» атты баяндамасында Талғар ауданы №28 орта мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Аубакирова Махаббат Назымбековна оқушылардың сабақта алған білімдерін іс жүзінде қолданудың тиімділігін көрсетіп кетті. Практикалық тұрғыда оқушылардың жүргізіп жатқан жоба жұмыстарын көрсетті.
       Қапшағай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Титушкина Лариса Леонидовна «Интеграция общечеловеческих ценностей в единый педагогический процесс» тақырыбындағы баяндамасында «жанды» және «жансыз» білім туралы ойымен бөлісіп, басқа пәндерді өзін-өзі тану сабағымен интеграциялау түрлерімен таныстырып өтті.
       Тамыз кеңесіндегі өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған алаң жұмысы жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына толығынан жете алды.
3.jpg4.png6.png1.jpg5.png2.jpg