Рухани жаңғыру – заманауи білім беру үрдісінің сындарлы бағыты

       2020 жылғы 25 қыркүйекте «Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 2020 жылғы жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру - мектеп оқушыларының ғылыми ізденістерін ұлттық құндылықтар аясында әлеуметтендірудің негізі» тақырыбындағы эксперимент бойынша «Рухани жаңғыру – заманауи білім беру үрдісінің сындарлы бағыты» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік конференция онлайн режимінде ZOOM платформасында болып өтті.
       Конференцияның мақсаты: қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың ғылыми ізденістері мен шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыра отырып, тұлғаның сұранысын қанағаттандыруға бағытталған білім беру кеңістігін ұйымдастыру.
       Конференцияның міндеттері:
- қашықтықтан оқыту жағдайында мектеп оқушыларының ғылыми ізденістерін ұлттық құндылықтар негізінде дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асыру тетіктерін анықтау;
- білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына ұлттық құндылықтарды енгізуде оқу жоспарлары мен бағдарламалар жасауға ықпал ету;
 -қазақстандық патриотизмнің идеялық негізі бағытында тәрбиелеуге тұлғалық – бағытталған мектепаралық шығармашылық іс-әрекетті жүзеге асыру;
-мектеп оқушыларының ғылыми ізденістерін ұлттық құндылықтар аясында әлеуметтендіру негізінде тұлға құзыреттілігін дамыту бағытындағы мектепаралық іс-тәжірибені жинақтау, насихаттау.
Конференция жұмысы пленарлық мәжіліс пен төмендегідей бағыттар (секциялар) бойынша ұйымдастырылды.
  • Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиенің гуманистік сипаты - білім алушылардың ғылыми ізденісі мен жобалау қызметін ұйымдастыру негізі.
  • Қашықтықтан оқыту жағдайында мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйелерінде инновациялық технологияларды қолдану жолдары.
  • Қашықтықтан оқыту жағдайында қоғамдық-гуманитарлық бағытбойынша оқушылардың ғылыми ізденістерін жобалау.
  • Қашықтықтан оқыту жағдайында математикалық-жаратылыстану бағыты бойынша оқушылардың ғылыми ізденістерін жобалау.
  • Руханият құндылықтар - оқушылардың көркем-эстетикалық талғамын қалыптастыру шарты.
       Конференция жұмысын осы жобаның үйлестірушісі, институттын аға оқытушысы Л.Орманбекова модератор болып, жүргізді. Конференция жұмысына облыстың ғылыми эксперимент жүргізіліп жатқан 8 білім беру ұйымдарынан 83 педагог қатысты.
       Конференцияның пленарлық отырысын жұмысын институт директорынын инновациялық білім жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарынын докторы, доцент Т.Қ.Ауелгазина ашып, қатысушыларға сәттілік тілей отырып, «Рухани жаңғыру - білім беру саласының мүмкіндіктер көкжиегі» тақырыбында өз ой-пікірімен бөлісті. Сонымен қатар, пленарлық отырыста М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының химия пәнінің мұғалімі Керімбекова Бақыт Ерғазықызы «Ұлттық құндылықтар аясында оқушылардың ғылыми шығармашылығын дамыту», «Өрлеу» «БАҰО АҚФ АОПҚБАИ аға оқытушысы Орманбекова Ләззат Жекенқызы «Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері» тақырыбында баяндамалар жасап, әріптестерімен өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
       Конференция «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру», «Қоғамдық-гуманитарлық бағыт», «Математикалық-жаратылыстану бағыты», «Тәрбие саласы», «Көркем-эстетикалық бағыт» бағыттар бойынша секция жұмысымен жалғасты.
       Секция жұмысына қатысқан мұғалімдер өздерінің ғылыми ізденістері мен озық тәжірибелері жайлы презентацияларын онлайн режимінде қорғап шықты.
       Іс-шара соңында эксперимент бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы өзара пікір алмасу болып, болашақта атқарылатын жұмыстар талқыланды.
       Конференция жұмысын институттын аға оқытушысы Л.Орманбекова қорытындылап, қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың ғылыми ізденістері мен шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыра отырып, тұлғаның сұранысын қанағаттандыруға бағытталған білім беру кеңістігін ұйымдастыру мәселесіне тоқталып, педагогтердің қиын да қызықты жұмыстарына сәттілік тіледі.
 
6.png5.png2.jpg4.png3.jpg1.jpg