Білім алушылардың құндылықтық бағдарларын қалыптастыру үдерісіндегі интерактивті әдістер мен технологиялар

       2020 жылғы 16 қазанда «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес «Білім алушылардың құндылықтық бағдарларын қалыптастыру үдерісіндегі интерактивті әдістер мен технологиялар»тақырыбында онлайн режимінде ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Іс-шараға жалпы білім беретін мектептердегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-ұйымдастырушылар, сынып жетекшілері, педагог-ұйымдастырушылар, пән мұғалімдері, психологтар, барлығы 300 адам белсенді қатысты.

       Ғылыми-әдістемелік семинардың мақсаты: заманауи қоғамда әлеуметтенуге қабілетті, шығармашыл, белсенді, құзыретті тұлғаны дамытуға бағытталған білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру мақсатында интерактивті әдістер мен технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың құндылықтық бағдарларын қалыптастыру.

       Семинар модераторы: «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы Ермухамедова Ж.Е.

              

       Онлайн-семинардың негізгі мәселесі бойынша, атап айтқанда, «Білім алушылардың құндылықтық бағдарларын қалыптастыру процесіндегі интерактивті әдістер мен технологиялар» тақырыбында модератор саяси, экономикалық және рухани салалардағы түбегейлі жаңарулар адамдардың психологиясындағы, құндылықтық бағдарларындағы және іс-әрекеттеріндегі түбегейлі өзгерістерге әкелгенін атап өтті.

       Жеке тұлғаны қалыптастыру мен олардың бойында адамгершілік-эстетикалық көзқарастарды бекіту үшін жасөспірім шақ өте маңызды кезең. Жасөспірім балалар ересектерден ерекше назар аударуды талап етеді: бұл жас өтпелі болып табылады және баланың болашағы көбінесе оның қандай құндылықтарға басымдық бергеніне байланысты болады.

       Құндылықтық бағдарларды қалыптастырудың тиімділігі процестік және құрылымдық аспектілерді таңдаумен айқындалатынын ескере отырып, білім алушының жеке басының ерекшеліктерін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқу процесін дараландыруға ықпал ететін оқытудың интерактивті технологиялары мен әдістерін қолдану қажет.

       Жибек Ельдесовна интерактивті оқытудың ерекшеліктеріне баса назар аударып, интерактивті іс-әрекетке, интерактивті оқытудың әлеуметтік-психологиялық әсеріне қатысты сұрақтарға, сондай-ақ, интерактивті қарым-қатынасты қалай жүзеге асыруға болатындығы туралы ұсыныстарын берді.

       Семинар барысында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары практикалық қызметте интерактивті әдістерді қолдану бойынша жұмыс тәжірибелерімен алмасты. Олар интерактивті оқытудың әртүрлі әдістерін қолдану негізінде мектепте өткізілген іс-шаралардың нақты мысалдарын келтіре отырып, оқытудың интерактивті технологияларын пайдалану арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру; жасөспірімдердің құндылықтық бағдарларын қалыптастырудағы креативті кеңістіктердің әсері; отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы және т.б. мәселелерге ерекше назар аударды.

        Қарастырылған мәселелердің қорытындысы бойынша семинарға қатысушылар интерактивті әдістерді қолдана отырып, бірлескен қызметті мақсатты ұйымдастырудың арқасында әр оқушыдан шығармашылық тұлғаны, белсенді және сенімді азаматты тәрбиелейтін бірлескен өнімді іс-әрекет қалыптастырылуда деген қорытындыға келді.

       Өткізілген рефлексия барысында семинар барысында ұсынылған мектептердің бай практикалық тәжірибесі туралы оң пікірлер айтылды. Білім алушылардың құндылық бағдарларын қалыптастыруда интерактивті әдістер мен технологияларды қолдану аясын жетілдіру және кеңейту қажеттілігі туралы мәселенің маңыздылығы атап өтілді.

2.jpg5.png3.jpg1.jpg4.png6.png