«Абайды білмек парыз ойлы жасқа»: Абай шығармашылығын жаңа форматта оқытудың өзектілігі мен педагогикалық негіздері»

       «Өрлеу» «БАҰО АҚ Жедел жоспарына сәйкес «Өрлеу» «БАҰО АҚ Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2020 жылдың 20 қазан күні қазақтың ұлы ақыны, философ, аудармашы, композитор, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»: Абай шығармашылығын жаңа форматта оқытудың өзектілігі мен педагогикалық негіздері» атты тақырыпта ZOOM платформасында республикалық семинар өткізді.
       Семинардың мақсаты - әлем мойындаған дана ұстаз, адамзаттың ақыны, ұлы ойшыл Абайдың шығармашылық мұрасын дәріптеу. Ақынның асыл мұрасы мен даналық сөздері бүкіләлемдік қазынаға қосылған алтын қор екенін зерделеу, өзара тәжірибе алмасу.
       Республикалық семинарға «Өрлеу» «БАҰО АҚФ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтынан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Түркістан облысы және Шымкент қаласы, Жамбыл, Алматы облыстарының, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институттарының аға оқытушылары мен Алматы облысының ұстаздары мен колледж оқытушылары қатысты.
       Саяси ғылымдарының докторы, доцент, «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБА институты директорының инновациялық білім жөніндегі орынбасары Ауелгазина Толқын Құдайбергенқызы республикалық семинар жұмысының кіріспе сөзінде қатысушыларға сәттілік тілеп, «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» деген тақырыпта баяндамасын оқып, Абай шығармашылығының өміршеңдігі, ақынның өз кезінде қазақты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырғандығын, «толық адам» тұжырымының мәні жайында сөз қозғап, қазіргі қоғамда Абай мұрасын кеңінен насихаттау, ондағы негізгі ойларға жүгіне отырып оны тереңнен тану, басты мәселе ұрпақтың жүрегіне Абайдың өсиетін сіңірудің маңыздылығын айтып өтті.
       Семинарда қатысушылар білім берудегі әдіс-тәсілдерді Абайдың ойларымен сабақтастыру, жаңартылған білім мазмұны жағдайында қазақ әдебиеті сабағында Абайдың қара сөздерін оқытудың ерекшеліктері, Абай Құнанбаевтың мәдени мұрасының жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі маңызы, «толық адам» ілімін оқыту уақыт талабы, Абай лирикасындағы сезім пернелері сынды әртүрлі тақырыпта баяндамалар жасалып, Абайдың асыл мұрасын бүгінгі күнмен ұштастыра отырып, оның өзекті екендігін, өміршеңдігін, ақынның туындыларын қайталап оқыған сайын ойдың толығып, адами құндылықтардың арта түсетіндігі жайында тың пайымдаулар айтылып, ақынның ой-тұжырымдары баршамызға рухани азық болып, ұлтымызды жаңғырту ісінде тағылымы зор мұра екендігі жайындағы тың ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.
       Абай білім, ғылымды игермейінше биіктердің бағынбайтынын, сондықтан қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады, соған жетеледі. Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру – ұлттық жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі болмақ.
5.png6.png2.jpg3.jpg4.png1.jpg