Ақпараттық ортаның жаңаруы жағдайында білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын дамыту жолдары

       «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Жедел жоспарына сәйкес2020 жылғы 30 қазанда «Ақпараттық ортаның жаңаруы жағдайында білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын дамыту жолдары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-әдістемелік конференция онлайн режимінде ZOOM платформасында өткізілді.
       Конференцияның мақсаты: ақпараттық ортаның жаңаруы жағдайында білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысын дамыту.
       Конференцияны «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ Иннновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушылары – Отарбаев Бақытжан Аубакирович пен Стамбеков Ерик Берикбекович ұйымдастырды. Ғылыми-әдістемелік конференцияға облыстық білім беру мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері қатысты.
       Конференция барысында филиал директорының инновациялық білім жөніндегі орынбасары, с.ғ.д., доцент Ауелгазина Толкын Кудайбергеновна қатысушыларға сәттілік тілеп, «Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі» тақырыбында баяндама жасады.
       Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар білім беруді ақпараттандыру жағдайында қашықтықтан оқыту және тәрбие беру, ақпараттық ортаның жаңғыруы жағдайында тәрбиені жандандырудың инновациялық тәсілдері, жастарға тәрбие мен  білім  беруде рухани құндылықтарды негізге алу  мәселелері бойынша білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысын дамыту жолдарын өз тәжірибелерімен байланыстыра отырып, өзекті мәселелерді айқындап, өзара пікір алмасты.
       Конференция соңында қатысушылармен кері байланыс жасалып, үздік баяндамашылар «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
5.png1.jpg6.png4.png3.jpg2.jpg