Латын әліпбиін білім беру жүйесіне енгізудің эксперименттік тәжірибелері

       2020 жылдың 27 қарашасы күні «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 2020 жылғы Жедел жоспарына сәйкес «Латын әліпбиін білім беру жүйесіне енгізудің эксперименттік тәжірибелері» тақырыбында облыстық семинар-практикумболып өтті.
       Семинар-практикум жұмысына Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты тіл тарихы бөлімінің меңгерушісі, латын графикасына көшудегі Ұлттық комиссияның жанынан құрылған Әдістемелік жұмыс тобының мүшесі Сейтбекова Айнұр Аташбекқызы, Алматы қаласы Мемлекеттік тілдерді дамыту институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы және Алматы облысының әр аудан, қала мектептерінен 52 педагог қатысты.
       Пленарлық мәжілісті «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ директорының инновациялық білім жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Ауелғазина Толқын Құдайбергенқызы құттықтау сөзбен ашып, латынға қатысты өз мәліметтерімен бөлісті.
       Іс-шараның пленарлық кезеңінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты тіл тарихы бөлімінің меңгерушісі, латын графикасына көшудегі Ұлттық комиссияның жанынан құрылған Әдістемелік жұмыс тобының мүшесі Сейтбекова Айнұр Аташбекқызы «Жаңа әліпби: қажетті тілтанымдық, әдістемелік білімдер» тақырыбында баяндама жасап, онда жаңа жетілдірілген әліпбидің жай-күйі, басты мәселелер туралы ой қозғады. Сонымен бірге латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіндегі түйткілді ойларды ортаға салды.
       Алматы қаласы Мемлекеттік тілдерді дамыту институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы «Латын қарпіне көшу барысындағы әзірлеу, енгізу жұмыстары» жайлы баяндамасында осы кезге дейінгі қазақ әліпбилері туралы, олардың артық-кем тұстары туралы өз пікірін білдірді.
       Семинар-практикум жұмысы ары қарай секциялық мәжіліспен жалғасып, «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы Орманбекова Ләззат Жекенқызының «Латыннегізді қазақ әліпбиіне көшу: тәжірибе нәтижелері» тақырыбындағы баяндамасымен толықты.

                     

       Сонымен бірге «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы ҚР ББЖҚБАРИ педагогика және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы Қағазов Бақтыбек Амантайұлы мен Талғар ауданы №29 орта мектебінің мұғалімі Кагазова Шынар Зейноллақызының «Сөзде ілгері, істе кері, неге? (Тіл саясатына қатысты құжаттарға шолу) баяндамасында құнды мәліметтер берді.
       Семинар-практикумдағы «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» (Турысбекова А.К., Талдықорған қаласы «№2 орта мектеп» КММ мұғалімі), «Латын әліпбиіндегі үндестік заңы» (Садуакасова А.Д., Талдықорған қаласы «Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі» КММ мұғалімі), «Латыннегізді қазақ әліпбиіне көшу - маңызды қадам» ы (Ибраимова А.С., Жамбыл атындағы орта мектебінің мұғалімі, Тескенсу ауылы Еңбекшіқазақ ауданы), «Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі» (Кулжонова Г.А., Еңбекшіқазақ ауданы «Төле би мектебі» КММ «Төле би мектебі» КММ мұғалімі) баяндамаларда латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі енген жағдайда болатын кейбір түйткілді мәселелерді ашып көрсеткендігімен айқындалды.
       Семинар-практикум соңында «Ашық микрофон» әдісімен мұғалімдер мен тіл жанашырларын толғантып жүрген сұрақтарға жауап алынды. Сұрақтарға тіл мамандары жан-жақты жауап берді. Іс-шараны «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ директорының инновациялық білім жөніндегі орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, доцент Ауелғазина Толқын Құдайбергенқызы қорытындылады.
3.jpg6.png4.png1.jpg2.jpg5.png