Оқу мақсатына нәтижелі жетуге тапсырмалар ұсыну жолдары

       «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы А.Б.Қарсыбаеваның ұйымдастыруымен 25 қаңтар күні онлайн форматта «Оқу мақсатына нәтижелі жетуге тапсырмалар ұсыну жолдары» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері арасында облыстық семинар өтті.
       Облыстық семинар мақсаты: оқу мақсатына нәтижелі жетуде нақты тапсырма ұсыну жолдарын айқындау, бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысын іс тәжірибеде бөлісу.
       Облыстық семинардың міндеттері:
       -         жалпы орта мектепте оқу-тәрбие жұмыстарында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу мақсаттарын жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктерін анықтау;
       -        педагог мамандарды жаңа тәсілдермен таныстыру;
       -        инновациялық педагогикалық тәжірибелерді жинақтау және тарату.
 
       Семинарға Талдықорған қаласы, Жамбыл ауданы, Іле ауданы, Сарқан ауданы, Ұйғыр ауданы, Панфилов аудандарынан мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, білімдерін шыңдады.
       Семинарда оқу мақсатына нәтижелі жетуде бастауышта оқытатын негізгі пәндер бойынша нақты тапсырма ұсыну жолдарын, қолданылатын әдіс-тәсілдер, ресурстар тиімді ұсыну туралы ақпараттар толық әрі нақты берілді.
       Семинарда, Жамбыл ауданының бастауыш сынып мұғалімдері: Сатова Ардақ Джарылкасымовна, Цаган Саулегуль, Іле ауданынан Сураншиева Лиза Тлеужановна, Ұйғыр ауданынан Конысбаева Асел Азаматовна, Талдықорған қаласынан Дүйсек Тазагул Атретханкызы қатысып ат салысты.
       Қорыта келгенде, семинар өз мақсатына жетті, аудан мұғалімдері құрмет грамоталары, сертификаттармен марапатталды.
1.jpg5.png3.jpg2.jpg4.png6.png