Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын тиімді жоспарлау жолдары

       25.01.2021 ж. Өрлеу БАҰО АҚ филиалы, Алматы облысы бойынша ПҚБАИ «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Дарига Андреевна Картбаеваның ұйымдастыруымен республика мектептерінің биология пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын тиімді жоспарлау жолдары» тақырыбында вебинар өткізілді.
       ZOOM платформасында өткізілген вебинарға Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстары менен Қарағанды, Шымкент, Алматы, Қостанай, Орал, қалаларынан 60 тан аса биология пәні мұғалімдері қатысты. Бір жарым сағатқа созылған вебинар барысында пән мүғалімдері өзекті тақырыптарды қозғап өте жоғары деңгейде талдаулар жасады. Еркін ашық алаңда пікір алмасудың тиімділігін, бүгінгі тақырыптың өзектілігін атап өтті.
       Вебинарда қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын тиімді жоспарлау, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қысқа мерзімді жоспарлау мен казіргі қашықтан оқытуды жоспарлау ерекшеліктері салыстырмалы талданды. Жоспарлау бүгінгі күннің өзекті тақырыбы болғандықтан тиімді тәжірибе алмасу болды деп атап өтілді.
       Вебинар барысында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, 25 ЖОББМ мұғалімі Ж.М.Сатыбалдиева, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, А.Шәжімбаев атындағы мектебі мұғалімі Ж.Қ.Каденова оз ойларымен бөлісе отырып Өрлеу біліктілікті арттыру институты тренерлеріне әдістемелік қолдау ұйымдастырғаны үшін өз алғыстарын білдірді.
 
 
1.jpg2.jpg5.png4.png6.png3.jpg