Ұлттық рух бар жерде «Рухани жаңару» күш алады

       15 ақпан 2021 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Жарытылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту кафедрасының аға оқытушысы Саметова Жайна Хадиронқызы «Рухани жаңғыру» идеялары негізінде мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту мәселелері» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарға қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, география, биология, физика, дене тәрбиесі, бастауыш сынып пәндерінен Талғар, Көксу, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласынан 21 мұғалім қатысты.
       Вебинардың мақсаты «Рухани жаңғыру» идеялары аясында мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға ықпал ету» деп белгіленді.
       Вебинар «Рухани жаңғыру» идеялары негізінде мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру үшін пәнді құзыреттіліктер тұрғысынан оқыту әдістемесі; пәндік білім мазмұнын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде қарастыру; оқушының қоғамдық-әлеуметтік сұраныстарын рухани жаңғыру идеясымен ықпалдастыру; «Рухани жаңғыру» идеясын негізге алып, сабақ жоспарын жасау секілді жоспарлар негізінде өтті. Тақырыптың маңыздылығы аталып, іс-шара барысында толық ашылды. Барлық пән мұғалімдерінің рухани жаңғыру қағидатын пәнге кіріктіре отырып, «қазіргі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар бірі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру мәселелерін назарда ұстау» бағытында сөз қозғалды.
       Вебинарда Талғар ауданы А.Байтұрсынұлы атындағы №7 ЛОМ мұғалімі Әмірбек Ақсұлу «Тоғызқұмалақ ойыны арқылы «Рухани жаңғыру» идеяларын насихаттау», Талғар Т.Рысқұлов атындағы №9 ОМ мұғалімі Сыдыкбекова Улжан «Рухани жаңғыру»  құндылықтарын театр өнері арқылы сабақтастыру», Көксу ауданы Қ.Жапсарбаев атындағы ОМ мұғалімі Байбулатова Майра «Мәңгілік Ел, Рухани жаңғыру» идеяларын сабақтастыра оқыту»,  Ербулатова Даря Талғар ауданы Т.Рысқұлов атындағы №16 ОМ  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын қазақ  әдебиеті пәндерімен байланыстыра оқыту» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ вебинар барысында Куанышбаева Айнакул (Талдықорған қаласы №12 ОМГ),  Турабова Мариям (Панфилов №6 ОМ),  Жангазиев Елдос (Талғар Т.Рысқұлов атындағы №9 ОМ), т.б. мұғалімдер белсенділік танытты.
       Вебинар өз мақсатына жетті. Рефлексия жасалып, қатысушылар әр түрлі формада ұсыныстарын білдірді.
4.png2.jpg1.jpg5.png6.png3.jpg