«Тәуекел тобы» оқушылары мен педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың жеке жұмысы бағыттырын ұйымдастыру

       2021 жылдың 25-ші ақпанында «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ «Әдіснама және педагогикалық инновация»  кафедрасының аға оқытушысы Абдрахимова Жадыра Жолдасбекованың ұйымдастыруымен «Тәуекел тобы» оқушылары мен педагог-психолог, әлеуметтік педагогтардың жеке жұмысы бағыттырын ұйымдастыру» тақырыбында онлайн режимде (ZOOM платформасында) облыстық дөңгелек үстел өтті.
       Дөңгелек үстелдің  мақсаты – «Тәуекел тобы» оқушылары мен  педагог-психолог, әлеуметтік педагогтардың жеке жұмысы бағыттарын ұйымдастыру  барысында әрбір баланың психо-физиологиялық  даму бағыттарын ескере отырып, оларға психологиялық қолдау, денсаулықтарын сақтау, тұлғалық қабілеттерін дамыту, өзара көмек көрсету, мейірімділік, толеранттылық, жауапкершілік принциптерін қалыптастырудың жолдарын талқылау.
       Дөңгелек үстелді «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБА институты директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Ибрагим Қайрат Әменұлы ашып, педагог-психолог оқытушыларға кәсіби құзыреттілігін дамытуда және шеберліктерін шыңдауда түрлі бағыттағы курстан тыс жүргізілетін  кәсіби құзыреттілікті дамытатын  іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, дөңгелек үстелге   қатысушыларға сәттілік тіледі.
       Дөңгелек үстелге Алматы  облысы  бойынша   50-ден астам  педагог-психолог  мамандар  қатысып, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар қашықтықтан білім алу кезінде оқушыларға, ата-аналарға  психологиялық қолдау  көрсету  ретінде әртүрлі тренингтік жаттығулар ұсынып,  кеңестер беріп, өзара тәжірибе алмасты.
       Іс-шара барысында Алматы облысы, Іле ауданы №44 орта мектеп психологі Адильбекова  Бекзат  Кадырбаевна «Мектеп психологының «Тәуекел топ» оқушыларымен атқаратын жұмысы» тақырыбында, Алматы облысы, Райымбек ауданы Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектебінің әлеуметтік педагогы  Мукашева Гаухар Бакытовна «Тәуекел топтағы» балалармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс түрлері» тақырыбында ата-аналарға арналған кеңестер мен психологиялық тренингтерді қолданудың жолдарын ұсынды.
       Сонымен  қатар, Алматы облысы, Іле ауданы, №37  орта мектептің  педагог-психологы Адилетханова Маржан Адилетханкызы«Тәуекел тобындағы балалармен жұмыстағы тиімді жолдар» тақырыбында    баяндама   жасап, өз  іс-тәжірибесімен бөлісті.         
       Алматы облысы, Іле ауданы, №37  орта мектептің  педагог-психологы Султанбекова Ботакөз Пәримбекқызы  «Қиындықты сен жеңбесең, қиындық сені жеңеді» презентациясында балаларға түзете дамыту жұмыстарының бағыттарымен  таныстырды.
        Алматы облысы, Қапшағай  қаласы, № 3 орта мектептің  педагог- психологы  Ермаханова  Салтанат Забитовна «Тәуекел тобындағы балаларға, ата-аналарға жүргізілетін кеңестер мен тренингтер»  тақырыбында ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар жайында өз тәжірибесімен бөлісті.
       Іс-шара барысында психолог  мамандар  өтіп жатқан дөңгелек үстелге қатысты  жағымды  ойларын, ризашылық-тілектерін  білдірді.
       Облыстық дөңгелек үстелдің соңында Жадыра Жолдасбековна мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың сұрақтарына жауап беріп, қиын да қызықты жұмыстарына  сәттілік тілеп,  әрқашан тәжірибе алмасуға дайын екендігін жеткізді.
5.png4.png1.jpg6.png2.jpg3.jpg