Қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру: кеңестер мен нұсқаулықтар

       Абай атындағы ҚазҰПУ мен «Өрлеу» БАҰОАҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ орнатылған серіктестік аясында 2021 жылдың 9-12 наурызы аралығында «Қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру: кеңестермен нұсқаулықтар» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне арналған онлайн әдістемелік семинар-тренинг өтті.
       Семинар-тренингтің мақсаты – онлайн оқу процесін жоспарлау мен ұйымдастырудың заманауи, оңтайлы әрі озық оқытуға арналған құралдар мен таныстыру.
       Онлайн-семинар барысында қатысушылар білім беруді цифрландыру жағдайындағы мұғалімнің сандық құзыреттілігінің құрылымы мен танысып, қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыруға байланысты мұғалімнің сандық құзыреттіліктерін қалыптастырудың обьективті қажеттілігі мен оны жүзеге асуын қамтамасыз ететін ғылыми негізделген тиімді әдістері мен жолдарын айқындауды, қашықтықтан оқыту жағдайында Google classroom интернет платформасы, Peardeck интербелсенді презентациясымен Google Jamboard интербелсенді онлайн-тақтасын пайдалану мүмкіндіктері мен оқу платформаларының қолданудың тиімділігін, сонымен қатар Padlet виртуалды тақтасымен Flipgrid платформасымен жұмыс жасауды үйренді.
2.jpg6.png5.png1.jpg4.png3.jpg