Жаратылыстану (география, биология) пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ-да жоспарға сәйкес, 2021 жылдың 26 наурыз күні «Жаратылыстану (география, биология) пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында облыстық семинар, онлайн қашықтықтан ZOOM платформасында өтті.

 

Семинардың мақсаты – Жаратылыстану пәні мұғалімдерінің теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын дамыту.

 

Семинардың міндеттері:

-  жаратылыстану пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту;

-                     зерттеу дағдылары мен функционалдық сауаттылығын дамыту;

-                     сабақ жоспарын құрылымдауда басшылыққа алатын мәселелерді саралау;

-                     педагогтар өздерінің озық идеяларымен бөлісу.

 

Семинарда Адыбаева Ләззат Дүнгенбайқызы «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда практикалық жұмыстарды орындау әдістері» тақырыбында мұғалімдермен ой бөлісті. Облыстық семинарға 27 мұғалім қатысып, баяндамалар тыңдалды.

Қапшағай қаласынан А.И.Махмутова мен Оразбаева А.Б., Қарасай ауданынан Н.Д. Бухарбаев пен Е.Раймбек, Ескелді ауданынан Болысбекова Ж., Жамбыл ауданынан Ж.Рахым мен Жауынбаева Р.А өздерінің іс тәжірибелерімен бөлісті.

Облыстық семинар барысында функционалдық сауаттылықты логикалық тапсырмалар арқылы дамыту, тиімді әдіс-тәсілдер қолдану, сабақты жоспарлау барысында мұғалімнің ескеруі тиіс және қиындық тудырып жатқан мәселеге жауап алды.

2.jpg4.png6.png5.png3.jpg1.jpg