Білім беру мекемелер жүйесінде салауатты өмір салтын қалыптастыру

       «Өрлеу» «Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Жедел жоспарына сәйкес2021 жылғы 30 наурызда «Білім беру мекемелер жүйесінде салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференция онлайн режимінде ZOOM платформасында өткізілді.
       Конференцияның мақсаты: жалпы білім беретін мекемелерінде дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын арттырып, білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру.
       Конференцияны «Өрлеу»БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы – Стамбеков Ерик Берикбекович ұйымдастырды. Ғылыми-практикалық конференцияға облыстық білім беру мекемелерінің әдіскерлері мен дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысты.
       Конференция барысында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы АОПҚБАИ Ибрагим Қайрат Аменұлы – «Өрлеу» «БАҰО АҚФ АОПҚБАИ директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, п.ғ.к. және Бисенбаева Меруерт Кенжегуловна – «Өрлеу» «БАҰО АҚФ АОПҚБАИ «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі, PhD конференцияны салтанатты түрде ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
       Сонымен қатар, баяндамашылар білім беру мекемелерінде салауатты өмір салты қалыптастырудың әдістері мен тәсілдерін оқу процесінде қолдану мәселесін қарастырады.
       Білім беру мекемелерінде салауатты өмір салты қалыптастырудың инновациялық тәсілдері, жастарға тәрбие мен білім беруде рухани құндылықтарды негізге алу мәселелері бойынша білім беру мекемелеріндегі ұлттық және қимыл-қозғалыс ойындарын қолдану негізінде өз тәжірибелерімен байланыстыра отырып, өзекті мәселелерді айқындады.
       Сонымен қатар, бала тәрбиесі жайлы қазақ ойшылдарының әр түрлі ой-пікірлеріне талдау жасады. Сондай-ақ, салауатты өмір салты – бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекеттерінің маңызы жайлы пікір алмасты.
       Конференция соңында қатысушылармен кері байланыс жасалып, үздік баяндамашылар «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы АОПҚБАИ «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
3.jpg5.png1.jpg2.jpg4.png6.png