«PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мәселелері» тақырыбында облыстық семинар

       2021 жылдың 30 наурызында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» базасында «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерін оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Қылышбекова Н.У. «PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мәселелері» тақырыбында онлайн режимде облыстық семинар өткізді. Семинар жұмысында оқытушы оқу сауаттылығы – жан-жақты тұлға қалыптастырудың негізі екендігіне, адамның тұлғалық дамуының көптеген сипаттарын айқындайтын, оның кәсіби тұрғыда бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуметтік ұтқырлығының қалыптасу деңгейін көрсететіндігіне тоқталып өтті. Аталған іс-шараға Алматы облысына қарасты Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Балқаш, Панфилов, аудандары мен Талдықорған қаласындағы орта мектеп, гимназиялардан 20-дан аса мұғалім қатысты. Облыстық семинар мақсаты – қатысымдық тапсырмаларды қолдану жолдарын меңгерте отырып, пән мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, педагогтардың кәсіби өсуін зерделеу, тәжірибе алмасу.
       Аға оқытушы Н.Қылышбекова іс-шараның мақсат-міндеттерімен таныстыра келе, Алматы облысының әр түкпірінен келген мұғалімдердің шығармашылық қызметтеріне сәттілік тіледі.Онлайн іс-шара аясында қатысушы мұғалімдер іс-шараның бағдарламасына сәйкес баяндамалар оқып, тақырып бойынша дайындаған жұмыстарының презентациясымен таныстырды, сабақ үлгілерін көрсетіп, тәжірибе алмасты.
       Облыстық деңгейдегі онлайн іс-шараны қорытындылай келе, аға оқытушы Н.Қылышбекова семинарға қатысып, белсенділік танытқан мұғалімдерге Институт ұжымы атынан алғыс айтып, қазіргі күрделі кезеңде жүзеге асырып жатқан педагогикалық қызметтеріне сәттіліктер мен толағай табыстар тіледі.
6.png5.png3.jpg4.png1.jpg2.jpg