Ауыл мектебіне әдістемелік көмек

       2021 жылдың 14 қазанында «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерін оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, тренер Нұрсәуле Қылышбекова мектептерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Ынтымақ ауылындағы №46 орта мектебінде «Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы ұстаз шеберлігі» тақырыбында облыстық шеберлік сынып өткізді. Әдістемелік іс-шарада Н.Қылышбекова оқу әрекетін тиімді жоспарлау, критериалды бағалау, оқушының тұлғалық дамуының көптеген сипаттарын айқындайтын дағдылар мен интербелсенді әдіс-тәсілдер бойынша оқу әрекетін жүзеге асырды. Аталған іс-шараға мектептің 30ға тарта ұстаздары қатысты. Облыстық шеберлік сыныптың мақсаты – қатысымдық тапсырмаларды қолдану жолдарын меңгерте отырып, пән мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, педагогтардың кәсіби өсуін зерделеу, тәжірибе алмасу. Шеберлік сынып аясында қатысушы мұғалімдер іс-шараның бағдарламасына сәйкес тәжірибелік тапсырмалар орындап, топтық, жұптық, жеке жұмыс жүргізудегі заманауи технологиялармен танысты, тәжірибе алмасты.
       Облыстық шеберлік сыныпты қорытындылай келе, тренер Нұрсәуле Қылышбекова іс-шараға қатысып, белсенділік танытқан мұғалімдердің педагогикалық қызметтеріне сәттіліктер тіледі.

 
6.png3.jpg1.jpg4.png5.png2.jpg