Жас келсе – іске

       Мектепте педагогикалық тәжірибесін енді бастаған жас мамандар мен олардың тәлімгерлеріне қолдау көрсету мақсатында Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылындағы №17 орта мектебі КММ-де әдістемелік сұқбат ұйымдастырылды. Әдістемелік қолдау жас мамандардың кәсіби өсуі үшін жағдай туғызу, бейімделу барысында кері әсер ететін проблемаларды жою, жас маманның кәсіби қызметіне табысты енуіне қолдау көрсету болып табылады. Биылғы оқу жылында бұл ауыл мектебіне 10-нан астам жас маман жұмысқа орналасқан.
       Мектепке келген жас мамандар жаңа технологияны меңгергенімен, теориялық білімі жақсы болғанымен әдістемелік және психологиялық жағынан қолдауды қажет етеді. Әдістемелік шара барысында жас мамандар өз жұмыстарымен таныстырып, өзара сабаққа қатысу ұйымдастырылды, сабақ жоспарлауда кездесетін қиындықтарға тоқталды, жұмыстарын зерделеді және тәлімгерлермен жүргізетін алдағы жоспарларымен бөлісті.

  
6.png4.png2.jpg3.jpg1.jpg5.png