Инклюзивті үдерісті жүзеге асыруда психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумның ролі

       2021 жылдың 20-ші қазанда «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы Абдрахимова Жадыра Жолдасбекованың ұйымдастыруымен «Инклюзивті үдерісті жүзеге асыруда психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумның рөлі» тақырыбында онлайн режимде (ZOOM платформасында) облыстық семинар өтті.
       Семинардың мақсаты – Инклюзивті үдерісті жүзеге асыруда психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумның қызметі саласында кәсіби құзыреттілікті арттыру. Оқушылардың жеке тұлғасын тереңірек зерттеу мақсатында бір сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің кеңесуі және оқушылармен жұмыс жасауда олардың ерекшеліктерін ескеріп, жұмысты оңтайлы ұйымдастыру.
       Семинарды «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБА институты директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Иманбекова Бахытгул Ильясовна, және «Өрлеу» «БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБА институты «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі PhD докторы Бисенбаева Меруерт Кенжеғұлқызы ашып, педагог-психолог және логопед, дефектологтар оқытушыларға кәсіби құзыреттілігін дамытуда және шеберліктерін шыңдауда түрлі бағыттағы курстан тыс жүргізілетін кәсіби құзыреттілікті дамытатын іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.
       Семинарға Алматы облысы бойынша 50-ден астам педагог-психолог және логопед, дефектолог мамандар қатысып, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар қашықтықтан білім алу кезінде оқушыларға, ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету ретінде әртүрлі тренингтік жаттығулар ұсынып, кеңестер беріп, өзара тәжірибе алмасты.
       Іс-шара барысында Алматы облысы, Іле ауданы №44 орта мектеп психологі Адильбекова Бекзат Кадырбаевна «Мектеп психологының «Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық шарттары» тақырыбында, Алматы облысы, Ескелді ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің педагог-психологы Жакаева Абеугайша Кадырсызовна «Психологиялық – педагогикалық консилиум жұмысын ұйымдастыру алгоритімі» тақырыбында консилиумды ұйымдастырудың ерекшеліктері ұсынылды.
       Сонымен қатар, Алматы облысы, Талғар ауданы № 39 орта мектебінің педагог-логопеді Жунусова Жанар Азатбековна «ЖББ мектептерде психологиялық –педагогикалық қолдау және психологиялық –педагогикалық консилиум жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
       Алматы облысы, Ескелді ауданы, Байысов атындағы орта мектептің педагог-психологыҚалқабаева Райгуль Кайрылғазықызы «Психологиялық – педагогикалық консилиумнің құжаттары және олардың үлгілері» презентациясында балаларға түзете дамыту құжаттармен таныстырды.
       Алматы облысы, Қарасай ауданы, А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің логопедіҚанатбекова Сандуғаш Ажмуханқызы «Инклюзивті білім беру жағдайында ППК рөлі» тақырыбында ППК-нің өзектілігі, маңыздылығы жайында өз тәжірибесімен бөлісті.
       Іс-шара барысында психолог, логопед, дефектолог мамандар өтіп жатқан семинарға қатысты жағымды ойларын, ризашылық-тілектерін білдірді.
       Облыстық семинардың соңында Жадыра Жолдасбековна мектеп психолог, логопед, дефектологтардың сұрақтарына жауап беріп, қиын да қызықты жұмыстарына сәттілік тілеп, әрқашан тәжірибе алмасуға дайын екендігін жеткізді.
 
2.jpg4.png1.jpg6.png5.png3.jpg