Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесі: руханият және инновациялық тәжірибе

       2021 жылдың 28-ші қазан күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБАИ «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Болсынбаева Аманғайша Жолдыханқызының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесі: руханият және инновациялық тәжірибе» тақырыбында онлайн режимде (ZOOM платформасында) облыстық педагогикалық оқу өтті.
       Педагогикалық оқудың мақсаты: мұғалімдердің инновациялық іс-тәжірибесін жетілдіру; педагогтердің креативті әлеуетін дамыту.
       Педагогикалық оқу жұмысы келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:
       1. Ұлттық руханият пен зияткер тұлғаны қалыптастыру (мақала).
       2. Білім берудегі инновациялық технологиялар мен белсенді әдістер — білім сапасын арттырудың негізі (үздік сабақ жоспары).
       3. «Мамандығым-мақтанышым» үздік педагогикалық эссе.
       Педагогикалық оқуды «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБА институты директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Иманбекова Бахытгул Ильясовна ашып,қатысушыларға сәттілік тіледі. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚБА институты «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту» кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты Мухтаров Аманғали Хамидоллаұлы «Білім беру мен рухани тәрбиенің жаңа мазмұны» атты тақырыпта баяндама жасап, рухани тәрбиенің маңыздылығына тоқталып, оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу қажетті, кезек күттірмес мәселе екендігін айтумен қатар, адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт екендігін де атап өтті.
       Педагогикалық оқуға Алматы облысы бойынша 80-нен астам пән мұғалімдері қатысып, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар Ескелді ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Дарменбекова Гулзира Маратовна «Ұлттық руханият пен зияткер тұлғаны қалыптастыру» деген тақырыпта баяндама жасап, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
       Сарқан ауданы, Абай атындағы мектеп гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Төребек Сандуғаш Бауыржанқызы «Ыбырай Алтынсарин шығармаларының ХХІ ғасыр қоғамында көрініс табуы» деген тақырыпта баяндама жасап, инновациялық технологияны қолданудың тиімділігін көрсетті.
       Ескелді ауданы, тарих пәнінің мұғалімі Серікбол Сырлыбаев «Мамандығым – мақтанышым» деген тақырыпта жазған эссесін оқып, білім беру саласындағы басты міндеттерінің бірі – оқушыларға сапалы терең білім беру мен дағды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
       Іс-шара барысында пән мұғалімдері өтіп жатқан педагогикалық оқуға қатысты жағымды ойларын, ризашылық-тілектерін білдірді.
       Облыстық педагогикалық оқудың соңында Аманғайша Жолдыханқызы сұрақтарға жауап беріп, қиын да қызықты жұмыстарына сәттілік тілеп, әрқашан тәжірибе алмасуға дайын екендігін жеткізді.
 
3.jpg6.png4.png2.jpg5.png1.jpg