«Білім беру үрдісінде STEM технологиясының рөлі»

       2021 жылғы 29 қазан күні «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алматы облысы бойынша филиалы базасында «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушылары Ф.Н.Каракушекова, Н.Б.Жакыпова және Г.С.Джарылгамысовалардың ұйымдастыруымен «Білім беру үрдісінде STEM технологиясының рөлі» тақырыбында облыстық on-line семинар өтті.
       Семинар мақсаты: Жалпы білім беретін мектептерде STEM технологияларды қолданудың тиімділігін арттыру.
       Семинарміндеттері:
-          Оқыту сапасын арттырудағы STEM тeхнологияның рөлі;
-          Цифрландыру жағдайындағы STEM тeхнологияның мәселелері мен шешімдері.
       «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушылары Каракушекова Фатима Наубатовна іс-шараны ашып, Жакыпова Назима Балапановна мен Джарылгамысова Гаухар Сарсембаевна алғы сөздерін айта отырып облыстық семинар жұмысына сәттілік тіледі және робототехниканың бүгінгі таңдағы маңыздылығын атап өтті.
       Облыстық on-line семинарға Панфилов, Қарасай, Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандары мен Қапшағай қалаларынан информатика, физика және математика пәні мұғалімдері бойынша 49 мұғалімдер қатысты. Іс-шарада ауданның және қаланың мұғалімдері робототехникадан өздерінің ізденістері мен шеберліктерін ортаға салып, таныстырылым жасап, тәжірибелерін көрсетті.
 
       Аталған шара барысында Іле ауданы, Өтеген батыр ат. орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Файзуллина Асем Мұратбекқызы «Информатикапәнінде STEM технологиясының рөлі» баяндамасында информатика сабағанда оқушылармен бірге «Arduino бағдарламалау ортасында «Ақылды қоқыс шелегі» жұмысын ұсынды.
 
       Қарасай ауданы, Қарасай батыр ат. орта мектебінің мұғалімі Исмаилова Гульжанат Асыкбаевна «Робототехника негіздерінде тапсырмаларды күрделендіре отырып шығармашылыққа баулу» бойынша бүгінде электроника және робототехника әлемі қарапайым және өте ыңғайлы шешімдерге толы, олардан өте қызықты жобалар жасауға мүмкіндік береді. Оқушыларға Tinkercad қызметі арқалы Arduino витруалды тренажерында тапсырмаларды жасау мысалдараны ұсынып оны шығармашылыққа баулу үшін күрделендіру мысалдарымен бөлісті.
 
       Талғар ауданының №13 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Кулатаева Лаззат Темиргалиевна «Қазақстандағы робототехниканың бүгінгі жағдайы» тақырыбындағы баяндамасында 16 жасар оқушы Әділхан Болат қазақстандық кәсіпқой боксшы Генадий Головкиннің темір нұсқасын жасағанымен бөлісті. Қарағанды қаласындағы «Мұрагер» дарынды баларға арналған мектептің оқушылары механикалық роботты ойлап тапқанымен таныстырды. Ол роботтар тіл үйретту, тестке дайындалу, тіпті математикалық тапсырмаларды орындауға көмектесе алады. Оқушылар жасап шығарған құлтемір 19 тіл және математикалық формулралды, тіпті ол робот кез келген сұрақтарға жауап беріп, би билейтінін атап кетті. Бастысы Елімізде робототехникаға қызығушылық танынып жатқан жастар барымен айрықша назар аударды.
 
       Іле ауданының Боралдай кенті №40 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Жумагалиева Мейрамгуль Ескендировна «Arduino және Tinkercad платформасының өзара байланысы» атты таныстырылымында Tinkercad платформасы арқылы Arduino витруалды тренажерында тапсырмаларды жасап көрсетті және Tinkercad платформасы арқылыArduino UNO үшін оқушылардың практикалық дағдыларын дымытуға көп мүмкіндік беретіндігін қарастырды.
 
       Қарасай ауданының Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп гимназиясының информатика пәні мұғалімі Смаилова Бахытгуль Темиртасовна «Қолданыстағы автокөлік модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру» атты таныстырылымында Arduino UNO-дан құрастырылған автороботтарды ұсынды.
 
       Қарасай ауданының әдіскері Апсалямова Тоты Амиргазиновна «STEM технологияның білім беру жүйесіндегі ролі» атты таныстырылымында STEM технологияның түрлеріне кешенді талдау жасай отырып білім беру жүйесіндегі ролін және Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытына құр қалмауда, робототехника автоматтандырылған техникалық жүйелерді құрумен айналысатын қолданбалы ғылым болып табылатынын, робототехника бағдарламалау және механика сияқты пәндерге сүйенетінін, робототехника механика және жаңа технологиялар проблемасын жасанды интелект проблеммаларымен ұштастырылды. Робототехника білім беру маңыздылығы мен өзектілігіне ие, оқушыға уақыт талаптарын қанағаттандыру және қазіргі өмірдегі өз орнын табуға мүмкіндік беретінін баяндады.
       Қарасай ауданының Абай ауылындағы №2 орта мектеп мұғалімі Курманбаева Жанар Даулетқызы «Білім беру жүйесінде заманауи технологияларды пайдалану заман талабы» атты таныстырылымында «Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті» деп бірінші ұстаз Аристортель айтқандай қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отырғанын және мектебінде STEM қағидаттарына негізделген үйірмеде Lego Mindstorms NXT, EV3 және Arduino платформасында оқушыларға роботтарды бағдарламалауды, құрастыруды үйрету арқылы жаңа технологиялармен таныстырып, оқушылардың жасаған жұмыстарымен таныстырды.
 
       Облыстық on-line семинарды қорытындылай келе Каракушекова Фатима Наубатовна іс-шараға белсене қатысқан ұстаздарға «Құрмет грамоталарды» табыс етті.
       Семинар соңында Жакыпова Назима Балапановна мен Джарылгамысова Гаухар Сарсембаевна қорғалған жұмыстар бойынша өз ойларын білдіре отырып бұйырса болашақта off-line негізінде робототехника саласы бойынша сіздердің еңбектеріңіздің жетістіктері нәтижесі ретінде көрнекілік көрме ұйымдастыру ұсыныстарын білдірді.
       Облыстық on-line семинар нәтижесінде қатысқан мұғалімдер болашақта осындай іс-шаралардың көбірек ұйымдастырылып, жасалып жатқан жұмыстар туралы ой бөлісіп, байқау түрінде де ұйымдастырылып отыруына ұсыныс берді. Семинар қатысушылыры бір-бірінің іс-тәжірибелерімен танысып, құнды ақпараттар алды. On-line семинар бағдарламаға сай өткізіліп, жоспарланған жұмыстар толығымен іске асты.
 
3.jpg4.png5.png2.jpg1.jpg6.png