Эксперимент жоспары аясында « Жас зерттеуші – ғылым болашағы» облыстық ғылыми жобалар конкурсы өтті

       2021 жылдың 12 қарашасы күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру  институтының «Рухани жаңғыру- мектеп оқушыларының ғылыми ізденістерін  ұлттық құндылықтар аясында әлеуметтендірудің негізі» тақырыбындағы ғылыми экспериментінің 2021 жылғы жоспарына сәйкес   пән мұғалімдері мен оқушылардың жобалау жұмыстарын зерделеу мақсатында «Жас зерттеуші – ғылым болашағы» тақырыбындағы  облыстық ғылыми жобалар конкурсы  онлайн режимінде ZOOM платформасында   болып өтті.

       Ғылыми жобалар  конкурсының мақсаты-  мектеп оқушыларының ғылыми ізденістерін саралап,  білім беру ұйымдары арасында оқушылардың ғылыми ізденістері мен  шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыра отырып, тұлғаның сұранысын қанағаттандыруға бағытталған білім беру кеңістігін ұйымдастыру.

       Іс-шараға қатысуға эксперимент құрамындағы Талғар ауданы  №45 орта мектеп-гимназиясы,Панфилов ауданы Әулиеағаш орта мектебі,Ұйғыр ауданы Сұңқар орта мектебі, Іле ауданы, Ынтымақ а., «№46 орта мектеп КММ», Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы «Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп»  КММ, Талдықорған қаласынан Мағжан Жұмабаев атындағы №19 мектеп-гимназиясы, Қарасай ауданы, «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» КММ,  Жамбыл ауданы  Абай атындағы мектеп-гимназиясынан эксперименттік алаң болып табылатын  білім беру ұйымдарынан 1-4 сыныптар арасында 12 оқушы, 5-11 сыныптар арасында  29 оқушы  мен  23  пән мұғалімі қатысты.

       Ғылыми жобалар байқауына «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ директоры, педагогика ғылымдарының докторы,профессор С.М. Кенесбаев  қатысып,оқушылар мен  мұғалімдерге сәттілік тіледі.

       Ғылыми жоба байқауына қатысушы оқушылар 1-4-сынып және 5-11-сынып аралығындағы жас ерекшеліктері бойынша өздерінің ғылыми жоба жұмыстарын  қашықтықтан онлайн режимінде ZOOM платформасында қорғады. Ғылыми жобалар байқауының қазылар алқасы ( Болсынбаева А.Ж., ф.ғ.к., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, Орманбекова Л.Ж.,жоба үйлестірушісі хатшы) тыңдап, оқушылардың  ғылыми жұмысына баға берді. Тиімді кері байланыс жасай отырып, ғылыми жоба байқауына қатысушылардың жұмыстарына  кеңес беріліп отырды.

 

       Ғылыми жоба жұмыстарының нәтижесін   қорытындылай келіп, 1-4 сыныптар арасында  Кушкинбаев Асет, Еңбекшіқазақ ауданы «Д.Қонаев атындағы орта мектебінің 4-сынып оқушысы,(жетекшісі Ахметова  З.Н.),Тоқтарбек Бота, Ұйғыр ауданы Сұңқар орта мектебінің 4-сынып оқушысы, (жетекшісі Тугелбаева А.К.,Оразбек Назерке, Жамбыл ауданы Абай атындағы мектеп-гимназияның 4-сынып оқушысы, (жетекшісіТемирбекова Г.Т.), Асқар Әдемі,Ерқанат Нұрай, Талғар ауданы  №45 орта мектеп гимназиясының 1,4 сынып оқушылары, (жетекшілері Байшалова Н.Б., Сактағанова С.), Исалімбай Қарақат, Панфилов ауданы «Әулиеағаш орта мектебі» КММ 2-сынып оқушысы,(жетекшісі Оразбаева Ш.З.), Қайратбек Кәусар, Талдықорған қаласы «М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы» КММ 3-сынып оқушысы, (жетекшісі Дюсенбинова Г.К.) үздіктер қатарынан көрінді.

       5-11-сыныптар арасында Нағашбай Нұрбол, Еңбекшіқазақ ауданы «Д.Қонаев атындағы орта мектебі» КММ 7-сынып оқушысы,(жетекшісі Кабдиева Б. М.), Дәуренқызы Аяулым, Медетхан Али, Талдықорған қаласы «М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясы»КММ 10-сынып оқушысы,(жетекшісі  Сабырбаева Ж. К.), Касымхан Гульнур Айдосқызы, Ұйғыр ауданы Сұңқар орта мектебінің 7-сынып оқушысы, (жетекшісі Сарсенбаева Р.К.),Тұрлыбекқызы Шұғыла, Панфилов ауданы Әулиеағаш орта мектебінің 8-сынып оқушысы,(жетекшісі Тоқабаева Т. М.), Амбияқызы Алмажан, Жамбыл ауданы «Абай атындағы мектеп-гимназиясы» КММ 10 -сынып оқушысы (жетекшісі Жакупова Г.Р.), Нуркабден Маржан Жамбыл ауданы  «Абай атындағы мектеп-гимназиясы» КММ 6 -сынып оқушысы (жетекшісі Исакова Н.Е.), Амандыкова Аяулым Қарасай ауданы «Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» КММ 10-сынып оқушысы (жетекшісі Иманалиева М.А.). сынды оқушылардың ғылыми ізденістері өте жоғары балл  алды.

       Байқауда сонымен бірге жетекші мұғалімдер мен  шығармашылық топтың пән мұғалімдері   өз зерттеу тақырыптары бойынша   іс-тәжірибелерін ортаға салды.

       Байқау соңында кері байланыс алынып, қорытындыланды. Байқауға қатысушылар арнайы диплом,грамота,алғысхаттармен марапаттауға, сертификаттар берілуге  ұсыныс етілді.

 

 

 Орманбекова Л.Ж., жоба үйлестірушісі

1.jpg3.jpg5.png4.png2.jpg6.png