Институттың тарихы

Институт тарихынан

 

1951 жылы наурыздың 15 жұлдызында Қазақ ССР Оқу Министрлігінің №84 бұйрығы шықты. Осы бұйрыққа сай 1951 жылы республикалық, облыстық, қалалық әдістемелік кабинеттер негізінде Алматы облыстық мамандар білімін жетілдіру институты құрылды (МБЖИ). 1959 жылы Талдықорған облысы таратылып, Талдықорған МБЖИ-ның міндеті Алматы облыстық МБЖИ-на берілді. Институт мамандардың білімін жыл бойы жетілдірудің қолайлы мүмкіндігіне ие болды. Осы жылдары институт ұжымын басқарған Н.И.Горошко институтты базалық жағынан жабдықтауға барынша күш салып, жақсы маман кадрларды топтастырды. Институттың 80 жылдың басынан осы күнге дейінгі мекен-жайы - Алматы қаласы Қабылов көшесіндегі 50 үйге, бұрынғы балалар үйіне орналасты. Алматы облыстық әкімшілігінің 1992 жылғы 3 маусымдағы №285 шешімі бойынша мұғалімдер білімін жетілдіру институты Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты болып қайта құрылды. Институттың тұңғыш директоры – Қазақ ССР-на еңбек сіңірген білім қызметкері Нұрмағамбет Құсайынұлы Садықов, одан кейінгі жылдары Кәдірбек Жүнісбеков, Николай Иллариювич Горошко, Төлеш Мұқашұлы Мәжікеев, Янис Харлампиевич Каланджиди, Анатолий Васильевич Волков, Тұрсынбек Молдаханұлы Баймолдаев, Күлімхан Жәйшібековалар институтты басқарды.. Қазіргі уақытта институт Алматы облысы білім басқармасының мемлекеттік тапсырысы бойынша жүргізетін білім саясатының басымдылықтарын есепке алып, өз қызметін атқарып келеді. Институт ҚР, ТМД және шетел педагогикалық қауымдастығымен және Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазМУ, ҚазМҚПИ, Гете институты, «Кайнар» университеті, Абылайхан атындағы ҚазМӘТжХҚУ, Британ орталығы, Республикалық білімді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы, ОАУ, Н.А.Назарбаев атындағы Орта азиялық қор, ҚБТУ, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы сияқты білім мекемелерінің ПОҚ-ымен шығармашылық байланыс жасайды Жыл сайын Алматы облысының педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша Институт базасында облыстың 5000-нан астам мұғалімдері курстық дайындықтан өтеді. Облыста шамамен 32000-ға жуық педагог бар. Жоспар бойынша 200 курс ұйымдастырылады, бұл мұғалімдердің 16 пайызын құрайды. Біліктілікті арттыру курстарында кафедра қызметкерлері шетелдік және отандық технологияларды оқытады. 

4.png6.png1.jpg5.png2.jpg3.jpg