Кеңесбаев С.М.

......Кеңесбаев Серік Мұқтарұлы - 1988 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетінің «Қолданбалы математика» мамандығын бітірді.
  Еңбек жолын 1982 жылы ҚазақССР Ғылым академиясының математика және механика институтында есептеу техникасы операторы қызметінен бастаған.
    1988-1989 жж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Басқару теориясы» кафедрасында стажер-оқытушы болып, 1989-1991 жж. осы кафедрада күндізгі бөлімдегі аспирантурасын оқып бітірді.
   1991-2001 жж. Алматы Технологиялық Университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары, декан міндетін атқарып, Информатика және қолданбалы математика кафедрасында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс жасады.
 2001-2002 жж. Казақстан Инженерлік Технология Университетінде оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор қызметін атқарды.
  2002-2005 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында Информатика және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі қызметінде жұмыс жасады.
  2005-2006 жж. Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде Ақпараттық технологиялар және инженерлік факультетінің декан қызметін атқарды.
  2006-2008 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Физика-математика факультетінің декан қызметін атқарды.
  2008-2011 жж. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің бірінші проректоры қызметін атқарды.
    2011-2017 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтының директоры қызметін атқарды.
   2017 жылдан бастап «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы АҚ-ның Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры.
  1993 жылы 01.01.11-Теория жүйесі, жүйелік талдау, автоматты басқару саласы бойынша «Физика-математика ғылымдарының кандидаты» дәрежесіне ғылыми диссертациясын қорғады.
   1998 жылы Информатика, есетеу техникасы және автоматтандыру саласы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары Аттестаттау комитетінің «Доцент» ғылыми атағын алды.
    2006 жылы 13.00.08-Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша «Жоғары педагогикалық білім беруде болашақ мұғалімдерді жаңа акпараттық технологияны пайдалана білуге даярлаудың педагогикалық негіздері» атты тақырыпта педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысын қорғады. Осы жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетінің шешімімен педагогика ғылымының докторы дәрежесіне ие болды (№ 5 хаттама, 28.11.2006ж.).
   2008 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бекітуімен «05.13.00.-Информатика, есептеуіш техника және басқару» мамандығы бойынша «Профессор» ғылыми атағын алды.
Бүгінгі күнге дейін 150 – ғылыми мақалалары мен еңбектері жарық көрген, оның ішінде 1 – монография, 6 – оқулық, 9 – оқу-әдістемелік құралдар, 7 – оқу-әдістемелік кешендер, 127 – ғылыми, ғылыми- әдістемелік мақалалардың авторы.
С.М. Кеңесбаевтың тікелей жетекшілігімен 3-ғылым докторы, 5-ғылым кандидаттары қорғалып, барлығы дерлік ЖАК-тан бекітіліп дипломдарын алды.
    Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеттің жанынан құрылған  6D010000-Білім беру (педагогикалық ғылымдары) бейіні бойынша PhD – докторлық кеңестің төрағасы.
С.М. Кеңесбаев ғылыми-педагогикалық жұмыс барысында бірқатар пәндерден оқу-жұмыс бағдарламаларын, кредиттік оқыту жүйесіне байланысты силлабустар және оқу-әдістемелік кешендер, атап айтқанда: «Программалау тілдері», «Информатика», «Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер», «Сандық әдістер», «Программалап есептер шығару практикумы» арнаулы курсы, «Компьютерді машықтану». Сонымен қатар аталған пәндер бойынша тест тапсырмаларынан құралған екі оқулық жарық көрген. Ақпараттық жүйелер, математикалық моделдеу курсы, информатиканы оқыту әдістемесі мен технологиясы пәнінен курстық жұмыстар жаздырып, дипломдық, магистрлік, PhD – докторлық жұмыстарға жетекшілік етеді. Ғылыми жұмыстарының бағыты қазіргі заман талабына сай, яғни жаңа информациялық технологиялар жайлы, білім беру жүйесін компьютерлендіру, IT технологиялар, компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, білім беру саласының жаңа оқу-әдістемелік жүйелерін жаңарту, білім беруде пән аралық байланыстарды жаңа компьютерлік технологияларды пайдалана отырып оқытудың педагогикалық жолдарымен, оқытудың жаңа әдістерін жасау.
  С.М. Кеңесбаев 2008 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен;
  2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен «Ы. Алтынсарин атындағы төс белгісімен»;
     2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.
2.jpg3.jpg5.png1.jpg6.png4.png