Директордың орынбасарлары

 
 

        Директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты – ИБРАГИМ Қайрат Әменұлы

         Қайрат Әменұлы Ибрагимге 2001 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Музыка және ән айту мұғалімі» мамандығы бойынша біліктілік берілді. 2006 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін 13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика білімі және тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша аспирантураны бітірді.2014 жылы Шымкент университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша аяқтап, бакалавр академиялық дәрежесін алды.
           2002 жылы Шымкент қаласындағы №24 С.Ерубаев атындағы орта мектебінде алғашқы еңбек жолын бастады. 2002-2003 жылдар аралығында М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы. 2003-2006 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика білімі және тарихы, этнопедагогика мамандығының күндізгі бөлім аспиранты.
            Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің2007 жылғы 22 қарашадағы шешімімен (№9 хаттама) педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
       Ғылыми жұмысының бағыты бойынша «Thomson Reuters» импакт-фактор журналдарында – 1 мақала, Республикалық, Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда – 45 мақала,  5 оқу-әдістемелік, 1 оқу құралы, 1 типтік оқу бағдарламасы жарық көрген.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Ордабасы» (2008ж.), «Қазақстан ғалымдары» (2015ж.) энциклопедиясында ғылыми жетістіктері жарық көрген. «Құзыретті педагог» Республикалық ғылыми-әдістемелік, ақпаратық-танымдық журналының редакция алқасының мүшесі.Қ.Ә.Ибрагим «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған 11 магистрлік жұмысқа ғылыми жетекшілік жасап,мамандар дайындауға өз үлесін қосып келеді.10-нан астам кандидаттық, магистрлік диссертацияларға ресми оппонент және рецензентболып, мамандар дайындауға өз үлесін қосып келеді.
         2007-2012 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Жалпы педагогика және этнопедагогика» кафедрасының аға оқытушысы, 2012-2014 жылдараралығында  Шымкент университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі,2014ж.тамыз - 2016 жылдың қыркүйек айына дейін «ӨРЛЕУ» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау»  кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
         Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақтың музыкалық шығармашылық құралдары арқылы мектеп оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық технологиясы».
         Ғылыми ізденістер саласы: қазақ музыка шығармашылығы, отансүйгіштік-рухани құндылықтар, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзекті мәселелері.
            Жарияланымдары: Қ.Ә.Ибрагимнің 50-ден астам ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектері республикалық ғылыми басылымдар мен алыс және шетел мемлекеттерінде (АҚШ, Австрия, Москва, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланған. Соның ішінде, «Қазақ музыка шығармашылығы арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу әдістемесі» атты оқу құралы  (Шымкент,2013),  Педагогика пәнінен оқу кейстерін қолданудың және студенттердің өзіндік жұмыстарына басшылық етудің әдістемелік нұсқауы (Шымкент, 2006), Сырттай оқитын студенттер үшін педагогикалық пәндерден бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау (Шымкент,2009), Педагогика пәнінен курс жұмысын орындау бойынша әдістемелік нұсқау (Шымкент,2010), Педагогика пәнінен студенттердің оқытушы қатысуымен өзіндік жұмысын ұйымдастыру (Шымкент,2011), Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі типтік оқу бағдарламасы (Шымкент,2013),  cонымен қатар,“Future teachers training for application of the Kazakh ethno pedagogy means in the process of schoolchildren’s patriotic education”(IF=0,165) // Life Science Journal Acta Zhengzhou University Overseas Edition (Life Sci J) ISSN: 1097-8135 Volume 11 - Special Issue 5, 2014; Усиление патриотической направленности подготовки будущих учителей в вузе// The Second Interhational conference on development  of pedagogical science in Eurasia. 5th November 2014. Austria, Vienna және т.б. ғылыми мақалалары жарық көрген.

4.png3.jpg5.png2.jpg1.jpg6.png