ӨЗАРА БІЛІМ АЛУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

 

 

ӨЗАРА БІЛІМ АЛУҒА КӨМЕКТЕСЕТІН ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ

 

        

         «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» Жедел  жоспарына сәйкес Деңгейлі бағдарламалар орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 25 қаңтары күніАлматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,  Жаңашар ауылындағы Т. Рысқұлов атындағы орта мектепте «Өзара білім алуға көмектесетін диалогтік оқыту» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар  өтті.

         Модераторлар – ДБО жетекшісі, тренер Л.С.Дүйсембекова, тренер А.Т.Мамырова.

        Семинардың мақсаты – Деңгейлі курс бойынша сертификатталған мұғалімдердің тәжірибелерін жетілдіру және тарату.

                                                            

 Семинарың ашылуы

 Деңгейлі бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағамдау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің жүзеге асырылатынына негізделеді. Соның ішінде диалог та Бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер негізінде қарастырылады. Диалогтік оқыту – оқушылардың өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін әдістердің тиімді түрі. Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытуда диалогтік оқыту үлкен рөл атқарады.         

 

Семинаржұмысының бағыттары:барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару.

Семинардың пленаралық мәжілісінде білім беру мекемелерінің қызметкерлері, Алматы облыстық Ш. Смағұлов ат ДБАМФМММ мұғалімі  Шыныбаева А.К., Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің әдіскері Нусупбаева Т., Райымбек ауданының білім бөлімінің әдіскері Толымбекова Н.К., Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп директоры Ислам Р.Т. және т.б. өз ойларымен бөлісті.

Семинар барысында тренинг, коучинг, шеберлік сабағы өткізілді. Сондай-ақ,Райымбек ауданы М.Мақатаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Рахым Е. «Ұлттық ойындар негізінде жасақталған талқылау құралдары» тақырыбында, Жамбыл  ауданы Б. Қыдырбекұлы атындағы орта мектептің химия, биология пәнінің мұғалімі Адият М. «Жаратылыстану пәндеріне ағылшын пәнін кіріктіріліп оқытудағы диалогтік оқытудың  тиімділігі» тақырыбында шеберлік сабақтарын көрсетті. Сабақтар көпшіліктің көңілінен шығып, өзектілігімен ерекшеленді.

Райымбек ауданы Б. Соқпақбаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Тағаева А. өткізген  «Сыныптағы диалогты оқыту арқылы оқушылардың рефлексия жасауын қалыптастыру» шеберлік сабағына мұғалімдер ерекше қызығушылық танытып, белсене қатысты.  

  

2-секция жұмысы барысындағы пікір алмасу.

Секция жетекшілері: тренер Амирова К.К.,  Ш.Смағұлов ат. ДБАМФМММ мұғалімі  Шыныбаева А.К.

 

 

Оқытудың интербелсенді әдістерін қолдану арқылы жүргізілген сабақтар оқушылар үшін ғана емес, қатысушы мұғалімдер үшін де аса қызықты, пайдалы болды.  Әр сабақ өзінше қызықты, өзінше тартымды өтті. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, мұғалім тарапынан берілген тапсырмаларды ынтамен орындап отырды. Барлық тәлім алушы сабақтары мен шеберлік сабақтары қатысушылардың жоғары бағасын алды.

 

 3-секция жұмысы

Секция жетекшілері: тренер Токушева Ғ.М., тренер Аблесенова С.Г.

 

 4-секция жұмысы

Секция жетекшілері: тренер Саметова Ж.Х, тренер Жакыпова Н.Б.

 

Мұғалімдер әдістемелік семинардан көп пайдалы мәліметтер  алғандықтарын, оқушылармен жұмыстың жаңа формаларын үйренгендіктерін, шығармашыл, ізденімпаз, әріптестерінен диалогтың сабаққа тиімді қолдану жолдарын үйренгендіктерін айтып жатты.

 

 

Марапаттау сәті

Семинар соңында ұсыныстар айтылды, өз тәжірибесімен бөліскен мұғалімдерге грамоталар, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
2.jpg1.jpg3.jpg6.png4.png5.png